• Басты бет
  • Институттар
  • Педагогика, бизнес және құқық институты

Педагогика, бизнес және құқық институты

«Жаратылыстану педагогикасы және дене шынықтыру» кафедрасы Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің Педагогика, бизнес және құқық институтының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

«Жаратылыстану педагогикасы және дене шынықтыру» кафедрасы 2022- жылдың 1-қыркүйегінде "Педагогика және психология" кафедрасының базасында қайта құрылды.

Бүгінгі таңда кафедрада мамандықтар бойынша 2 бағытта жұмыс істейді:

  • Кафедрада педагогикалық бағыттағы пән мамандықтары және дене шынықтыру мұғалімдері даярланады.
  • 6В015-Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау

Дайындық бакалавриаттың 6 бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады:

  • 6В01401 - Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау.
  • 6B01501 - Информатика мұғалімдерін дайындау
  • 6В01502 - Биология мұғалімдерін дайындау
  • 6В01503 - География мұғалімдерін дайындау
  • 6В011504 - Химия мұғалімдерін дайындау
  • 6В011505 - Математика мұғалімдерін дайындау

Және бір бағыт магистратура бағдарламасының негізінде:

  • 7М01401 – Дене шынықтыру және спорт педагогтарын даярлау

Кафедрада білім алушыларды Қазақстан Республикасында танымал ғалымдар, еңбек сіңірген спорт шеберлері және педагог кадрларды даярлау саласындағы тәжірибелі әдіскерлер даярлайды.

Қазіргі уақытта кафедрада 18 кандидат, 3 - PhD докторы, 11 ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары мен спорт шеберлері жұмыс істейді.

Кафедра оқытушылары оқытудың инновациялық әдістерін қолдана отырып, белсенді оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізеді, ғылыми жұмыстарды жүзеге асырады.

Отандық және шетелдік ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады, импакт-факторы бар журналдарда, рейтингтік журналдарда және ҚР БҒМ КОКСОН ұсынған журналдарда мақалалар жариялайды.

Оқытушылар құрамы оқу процесін заманауи ақпараттық технологиялар негізінде интерактивті оқыту түрінде өткізеді.

Сапалы мамандарды даярлау мақсатында кафедра кәсіби практикадан өту үшін, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өз базасын ұсынатын жұмыс берушілермен белсенді ынтымақтасады.

Бұл Абай атындағы ҚазҰПУ, туризм және спорт академиясы, "Қайнар" Академиясы, бокс федерациясы, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы, жоғары спорт шеберлігі мектебі, №42 орта мектебі және т. б. ұйымдар.

Оқытушылар

Аты-жөні Қызметі
Нұрмаханбетова Мақпал Ғаниевна Магистр, Оқытушы
Кошербаева Шынар Слямбековна Магистр, Аға оқытушы
Қойшығұлова Диляра Жетпісбайқызы магистр, оқытушы
Туркменбаева Кырмызы Туркменбайқызы Аға оқытушы
Ахатова Эльмира Хасеновна Бизнес мектебі жетекшісі, э. ғ.к., профессор
Бекмуханбет Бекен Сарсенбайулы к.п.н.