• Басты бет
  • Педагогика, бизнес және құқық институты
  • 6В01501 Информатика мұғалімдерін даярлау

6В01501 Информатика мұғалімдерін даярлау

Оқу бағдарламасының мақсаты

Білім беру мекемелерінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін іргелі білімі бар Информатика мұғалімдерін дайындау.

Оқыту нәтижесі

ON 1 Информатиканың теориялық негіздерін және оқытудың заманауи ақпараттық технологияларын компьютерлік дизайн, WEB-технологияларды қолдана отырып байланыстыру.
ON 2 Адамдармен қарым-қатынас негізінде тілдерді анықтау, қарым-қатынас стилін қалыптастыру, тілдік стандарттарды сақтау және өзінің кәсіби қызметінде тілдерді қолдану.
ON 3 Заманауи әлемнің әр алуандығымен байланыстыра отырып, адамның рухани мәдениетінің, дінінің, тіршілігінің дүниетанымын, менеджментін қолдану
ON 4 Білім берудегі басқару қызметінің мәнін ұсыну, елде инклюзивті оқытуды дамыту, психологиялық үрдістерді, педагогикалық мектептерді ажырата отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын талдау; жаңартылған білім беру мазмұны мен қашықтықтан оқыту нысандары жағдайында оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, қағидаттарын, нысандарын, әдістерін, құралдарын ескере отырып жұмысты жоспарлау
ON 5 Ақпарат көздерін алу және талдауда, кәсіби қызмет саласындағы міндеттерді шешу үшін алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қолдану.
ON 6 Ақпараттық-бағдарламалық құралдарды, кешендер мен компьютерлік желілерді верификациялау және тест сұрақтарын әзірлеу.
ON 7 Кәсіби қызмет объектілерінің жұмыс істеуіне байланысты есептеу және ақпараттық процестердің математикалық, бағдарламалық модельдерін құру
ON 8 Әдістерді, алгоритмдерді, бағдарламаларды, жүйелерді, желілерді болжау және жобалау, олардың сандық және сапалық талдауын жүргізу;
ON 9 Пайдаланушылардың сұраныстарын талдау және қайта қарау, жобалаудың заманауи тиімді әдістерін, құралдары мен технологияларын таңдау.
ON 10 Информатиканы оқытудағы инновациялық технологияларды көрсету, студенттердің тарихи ойлауын, тұтас жаратылыстану-ғылыми дүниетанымын дамыту, орта мектептің тарихы мен дидактикасы саласындағы теориялық негіздерді, білім берудің цифрлық технологияларын қолдана отырып, қашықтықтан оқыту жағдайында оқу-тәрбие процесін құрудың практикалық тәжірибесін меңгеру.

Байланыс

  • Шифр6В01501
  • Өту балы75
  • Оқу деңгейі3
  • Оқу мерзімі (жыл)4
  • Аккредитация түрі
  • Жылы2023