• Басты бет
  • Институттар
  • Педагогика, бизнес және құқық институты

Педагогика, бизнес және құқық институты

  • 17.04.2024

2024 жылдың 17 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Педагогика және психология институтының Бастауыш білім беру кафедрасы мен "Teachers Lab" ЖШС - бірлесіп ұйымдастырған "Педагог-көпмәдениетті әлемде" Халықаралық комикстер байқауының қорытындысы бойынша Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінің, «Педагогика, бизнес және құқық» институтының «Педагогика, психология және ӘГП» кафедрасының 6В01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі БББ 2 курс студенті Cыдық Айда жүлделі II дәрежелі ДИПЛОМ «Әлеуметтік дағдыларды дамытуға арналған ең жақсы комикс» номинациясымен МАРАПАТТАЛДЫ, жетекшісі PhD, доцент Кожамкулова Назгуль Сейфулинкызына АЛҒЫС ХАТ берілді және 3 курс студенті Байбосынова Анель III дәрежелі ДИПЛОМ «Сыныптағы батыр» номинациясымен МАРАПАТТАЛДЫ, жетекшісі п.ғ.м., аға оқытушы Күребай Балжан Есенқызы АЛҒЫС ХАТПЕН марапатталды.

  • 27-12-2023

«Жетім көрсең, жебей жүр» деген нақылдың түбінде қаншама салмақты ой жатқанын кез келген адам сезіне бермейді. 26 желтоқсан 2023 жылы «Экономика, қызмет көрсету және құқық» кафедрасының 2023-2024 оқу жылына жоспарланған тәрбие жұмысы негізінде ұйымдастырған оқытушылары мен студенттері «Перзент» балалар үйіне барып, өмірдің қатал сынына іліккен жаны таза балапандарға, олардың кіршіксіз көңіл-күйлерін көтеріп, тәтті-дәмділер сыйлап бір сәт болса да қуанышқа бөлеп, тәрбиелік шара өткізіп қайтты. Кішкентайынан жетім балаларды бауырына басып, олардың ыстық-суығына төзіп жүрген Әмина апа. Қазіргі таңда мұнда 35 бала тәрбиеленіп жатыр. Оның ішінде 10-ы қыз, 25-і ұл бала. Ал "Перзент" балалар үйінің басшысы Әмина Қажы Әжібаева осы бір ауыр жүкті отыз жылға жуық арқалап келеді. Кішкентайынан жетім балаларды бауырына басып, олардың ыстық-суығына төзіп жүрген Әмина апамен Massaget.kz тілшісі жүздесіп, сұхбаттасты.

Басшылық

Нурлихина Гульмира Булатовна

Институт директоры