7M01404 "Дене шынықтыру және спорт педагогтарын даярлау" білім беру бағдарламасы еңбек нарығында сұранысқа ие кез-келген әлеуметтік-экономикалық жағдайларда кәсіби қызметті жоғары ғылыми-педагогикалық деңгейде жүзеге асыруға қабілетті, жоғары білікті, бәсекеге қабілетті дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми-педагогикалық және жаттықтырушылық салада инновациялық технологияларды қолдана білетін кадрларды даярлауға бағытталған.
ON 1 ғылыми зерттеу әдістерін, психологиялық-педагогикалық қызмет негіздерін және кәсіптік салада өзін-өзі жүзеге асыру үшін шет тілді білім берудің терең коммуникативтік дағдыларын меңгеру.
ON 2 заманауи білім берудегі инновациялар мен реформалар, кадрларды даярлаудың көп сатылы үздіксіз жүйесі, жоғары білім беруді интеграциялау және инновациялық жобалар туралы білімдерін көрсету.
ON 3 ЖОО-да таңдаған спорт түрі бойынша білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік қызмет негіздерін, жоспарлау және құжат айналымы әдістерін меңгеру.
ON 4 педагогикалық процесті, сондай-ақ менеджмент, білім алушылардың спорттық жетістіктерін өлшеу технологиясы, дене шынықтыру-спорт пәндерін оқытудың заманауи әдістемесі, цифрлық мәдениет негізінде инклюзивті білім беруді басқару;
ON 5 психологиялық бақылау әдістерін және қызметтегі тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін зерттеу дағдыларын меңгеру.
ON 6 ғылыми-зерттеу деректерін өңдеу, есептеулерді талдау және алынған қорытындыларды негіздеу үшін эмпирикалық құралдарға иелік етуді көрсету.
ON 7 жас спортшыларға олардың жас ерекшеліктері мен дайындығын ескере отырып, жаттығу бағдарламасын әзірлеу және спортшыларды даярлау процесінде стандартты емес мәселелерді шешу.
ON 8 бәсекеге қабілетті және жаттығу қызметі барысында дененің бейімделу процестерін модельдеу арқылы спортшылардың дайындығының ғылыми мәселелерін және оларды шешу жолдарын анықтау бойынша кәсіби құзыреттілікке ие болу.
ON 9 дене шынықтыру мен спорттағы қызметті басқару, жоспарлау және ұйымдастыру тәуекелдерін талдау және синтездеу.
ON 10 ЖОО-да және жоғары жетістіктер спортында жұмыс істеудің әдістемелік, ұйымдастырушылық және практикалық негіздері бойынша білімді, іскерлікті және дағдыларды интеграциялау