И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің жаратылыстану ғылымдары және туризм институтының директоры, география ғылымдарының докторы, профессор М. М. Дылдаев 2024 жылдың 17 сәуірінде "Климаттың өзгеруі жағдайында тау экожүйелерін сақтау" атты тақырыпта студенттер мен оқытушыларға қонақ дәрісін оқыды. Профессор М. М. Дылдаевтың дәрісі климаттың өзгеруі жағдайында тау экожүйелерін сақтаудың өзекті мәселесіне арналып, климаттың өзгеруі, антропогендік әсер ету және биоәртүрліліктің жоғалуын қоса алғанда, экожүйенің осы түрінің алдында тұрған негізгі қиындықтары талқыланды. Оқытушының баяндамасы студенттерді табиғи ресурстарды сақтаудың маңыздылығы және осы процесте атқара алатын рөлі туралы ойлауға шақыруға арналды.