1 қарашада БҰҰ өкілдігінің ғимаратында Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінің қатысушылары үшін маңызды, қарқынды күн болды!
АГЭУ ЮНЕСКО клубы ретінде дене шынықтыру бойынша басшылармен және педагогтармен консультациялық кездесуге қуана қатысты. Семинар оқыту іс-шарасы форматында ұйымдастырылды, онда оқытушылар жастар арасында дене тәрбиесін дамыту мәселелерін белсенді талқылады, өз тәжірибелерімен бөлісіп және жаңа білім алды.
Сол күні біздің студенттер қазақстандық Чемпиондар — жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландинмен және спорттық гимнастикадан Париждегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбановпен шабыттандыратын көшбасшылық кездесудің куәсі болды. Спортшылар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, спорттың, тәртіптің және табандылықтың маңыздылығы туралы айтты. Олардың сөздері жастарды жаңа биіктерге жетуге шабыттандырды.
АГЭУ ЮНЕСКО клубы екенін мақтан тұтады және осы маңызды іс-шараға қатысуға шақырғаны үшін ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясына алғысын білдіреді!