Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінде (АГЭУ) 2024 жылдың 1 қарашасында Дюзджe университетінің Түрік білім, ғылым және мәдениет орталығы ресми, салтанатты түрде ашылды.
Орталық студенттерге түрік тілін тегін үйренуге, инклюзивті білім беру бойынша қосымша бағдарламаға қатысуға, қос диплом алуға, сондай-ақ бірлескен зерттеулер мен білім беру іс-шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік бере отырып, Қазақстан мен Түркия арасындағы білім беру және мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал ететін болады