2024 жылдың 3 мамырында "Қазақ күресі",Ұлттық спорт түрінің даму тенденциялары» тақырыбында «Жаратылыстану педагогикасы және дене шынықтыру" кафедрасының ПОҚ және білім алушылары үшін ғылыми семинар өтті , оған ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, PhD докторы, Қазақ спорт және туризм академиясының аға оқытушысы Қонаев Талғат шақырылды.
Қонаев Талғат "Қазақ күресі" техникасы мен стратегиялары туралы және өзінің білімі мен тәжірибесімен бөлісті. Жарақаттанудың алдын алу, сондай-ақ спортшылардың психологиялық дайындығының маңыздылығына ерекше назар аударылды. Аталған семинарда Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінің 1 курс студенті Пернебек Қуаныш, "Қазақ күресі" спорт түрінен республикалық спартакиаданың күміс жүлдегері, аға оқытушы Н. Алленов "Жалпы білім беретін мектептердегі ұлттық ойындарды дамыту" тақырыбында сөз сөйледі.
Семинар сұрақ-жауап сессиясымен, қатысушылар баяндамашыларға семинар тақырыбы бойынша сұрақтар қоюмен аяқтады. Бұл іс-шараны осындай кездесулерді үнемі өткізуге ниет білдірген қатысушылар жоғары бағалады.