ұйымдастырушылық және экономикалық сипаттағы мәселелерді шешуге байланысты тәжірибелік дағдыларға ие, сыртқы ортаның өзгермелілігі жағдайында шешім қабылдай алу; жағдайлық басқару, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеудің замануи технологияларын қолдану бойынша тәжірибелік дағдыларға ие; сондай ақ, кез келген басқару құрылымдарында талдау және басқару бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін білім мен дағдыға ие басқару саласында, соның ішінде мемлекеттік құрылымдар үшін мамандарды дайындау
1.логикалық ойлауға, тарихи, қоғамдық-саяси даму заңдылықтарын талдауға, ауызша және жазбаша нысандарда және шет тілінде тиімді қарым-қатынасқа; әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды толерантты қабылдай отырып, командада жұмыс істеуге қабілетті бола алады.
2.әлеуметтік-экономикалық үдерістерді талдау үшін тиісті сандық технологияларды, қолданбалы бағдарламаларды пайдалана отырып, бизнес және басқару саласындағы кәсіби функцияларды жүзеге асыра білу.
3.шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін сипаттайтын экономикалық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді есептеу үшін қажетті бастапқы деректерді жинай және талдай білу.
4.аймақтағы макро - және микро деңгейдегі экономикалық процестерді, құбылыстарды талдау, проблемаларды анықтау, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін ұсыну.
5.экономикалық қауіпсіздікке ықтимал қауіптерді болжау мақсатында статистикалық деректер негізінде әлеуметтік-экономикалық процестерді бағалау.
6.қаржылық, бухгалтерлік және өзге де ақпаратты талдай және түсіндіре білу, салықтық есепке алуды жүзеге асыру, бухгалтерлік есептілікті жасау.
7.басқару саласында эконометрикалық модельдерді қолдану, басқарушылық шешімдер қабылдау мақсатында алынған нәтижелерді талдау және түсіндіру.
8.ұйымның жобалары мен міндеттерін тиімді іске асыру үшін компания ресурстарын оңтайлы пайдалануды және тайм-менеджменттің сақталуын қамтамасыз етуге қабілетті.
9.компания саясатының маркетингтік, коммерциялық, инвестициялық және өзге де түрлерінің іс-шараларын дайындауға және өткізуге қатысу, жаһандану жағдайында әлемдік нарықтардағы операцияларға байланысты стратегиялық міндеттерді шешу. 10.топтық динамика процестерін, оны қалыптастыру принциптерін білу негізінде топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін ішкі кадрлық ресурстарды оңтайлы пайдалануды қамтамасыз ете алады.
11.әлеуметтік-еңбек қатынастарының даму үрдістерін бағдарлай білу және әлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан ұйымдастыру-басқару шешімдерін таба білу.
12.бизнес жобаларды әзірлеу, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың әлеуметтік-экономикалық жағдайларын бағалау, көшбасшылық қасиеттерді және жаңа идеяларды тудыру, кәсіби қызметте креативті ойлау қабілетін көрсету.
13.Minor 1,2,3,4 зерделеу кезінде алынған пәнаралық компетенциялардағы білімге қосымша сипатама ретінде қолдану.
Ахатова Э. х. Бизнес мектебінің жетекшісі, Э.ғ. к., профессор. eahatova@mail.ru
Сейтамзина г. Ж. Ғылым және тәрбие жөніндегі Проректоры, э. ғ. к., Бизнес мектебінің профессоры. gau17erj@mail.ru Шиганбаева Н.Б.Бизнес мектебінің аға оқытушысы. nailya0478@mail.ru