2023 жылғы 9 қаңтарда Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті мен әулие Клемент Охрид атындағы София университеті арасында білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
София университеті-Болгариядағы ең көне, ең үлкен және беделді университет, София қ. 1888 жылы құрылған. Оның 16 факультеті, 3 бөлімшесі бар, онда 22 мың студент оқиды. Экономика және бизнес әкімшілік факультетімен келісімге қол қойғаннан кейін студенттер, магистранттар және ПОҚ академиялық ұтқырлық бағдарламаларына, ғылыми тағылымдамаларға, ғылыми зерттеу жобаларына, журналдарда жариялауға қатысуға мүмкіндік алды.