2024 жылғы 17 қыркүйекте АГЭУ экономикалық мамандықтарының студенттері Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаментімен Ашық есік күніне шақырылды. Студенттер ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің құрылымымен, оның департаменттерінің негізгі функцияларымен танысты. Департаменттің жетекші мамандары студенттерді статистиканың негізгі принциптерімен таныстырды: деректерді жинау, өңдеу және сақтау әдістерінен бастап статистикалық органдардың ресми статистикалық ақпаратты тарату және ресми статистиканы пайдаланушылармен өзара іс-қимыл жасау тәсілдеріне дейін танысып қайтты.
Іс-шараға Бизнес мектебінің, Есеп және аудит, Қаржы кафедралары ПОҚ қатысты.