• Басты бет
  • Педагогика, бизнес және құқық институты
  • Оқытушылар

Оқытушылар

Corporate Template
Бапанов Талғат Абдирович
з.ғ.к., аға оқытушы

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: заң ғылымдарының кандидаты
Ғылыми қызығушылық саласы: қылмыстық құқық, криминология
Шені: полиция полковнигі
Қысқаша өмірбаяны: 1963 жылы 6 наурызда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келген.
1982 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің дайындық курсына оқуға түсті.  1983 жылы осы университеттің заң факультетіне оқуға түсті. 1985-1987 жылдар аралығында Борзия қаласы Чита облысы №31543 әскери бөлімінде қызмет етті. Армияға Алматы қаласы әскери комиссариаттың еркіндігімен шақырылды. Әскерден келген соң оқуын жалғастырып, 1990 жылы бітірді
Еңбек жолы: 1990-1993 жж. Жамбыл облысы Сарысу аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі, аға тергеушісі қызметтерін атқарған.
1993-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы заң институтының қылмыстық құқық және криминология кафедрасында оқытушы, аға оқытушы болып қызмет атқарды.
1999-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы академиясының қылмыстық құқық және криминология кафедрасы меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді.
2005-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы академиясының қылмыстық құқық және криминология кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.
2011-2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы академиясының заң институты бастығының орынбасары және күндізгі оқыту факультетінің бастығы қызметтерін атқарған.
2013-2018 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мақана Есболатова атындағы Алматы академиясы бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары және жоғары оқу институтының бастығы қызметтерін атқарған.
2018 жылдың 30 желтоқсанында отставкадағы полковник шенінде зейнеткерлікке шықты.
2018 жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы гуманитарлы экономикалы университетінің «Экономика,қызмет көрсету және құқық» кафедрасында аға оқытушы болып қызмет істейді.
Ғылыми басылымдары: автордың 50-ден астам ғылыми мақалалары, 10-нан астам оқулықтары  мен оқу құралдары бар.
Ғылыми басылымдары: автордың 50-ден астам ғылыми мақалалары, 10-нан астам оқу құралдары мен оқу құралдары бар.
1. «Ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы іс-әрекеттерді құқықтық реттеудің жолдары» Актуальные проблемы применения уголовного законодательства РК на современном этапе: Мат.межд.науч.прак. конф.-Алматы: ООНИиРИР Алматинской академии МВД РК им. М. Есбулатова, 2018.С.128-1340,5 п.л.
2. «Правовая регламентация уголовных правонарушений совершенных группой» Международный научно-популярный журнал Наука и жизнь Казахстана. № 4/2 2020. Подписано в печать 20.04. 2020.3 с. (0,4 п.л.) (37-39).
3. «Правовая основа охраны интересов семьи и несовершеннолетних» Международный научно-популярный журнал Наука и жизнь Казахстана. № 4/2 2020. С. 75-78.
4. «Правовые нормы, регламентирующие обеспечение функции защиты в уголовном процессе: современные реалии.» Международный научно-общественный журнал "DOGMA". – 2020. – № 2(12).8 с. (0,5 п.л.)
5. «Исторические аспекты становления обычного права казахов» Международный научно-популярный журнал Наука и жизнь Казахстана. № 10/2  2020.  Подписано в печать 20.11. 2020.5 с. (0,4 п.л.)(2-6)
6. «Жаза тағайындауда басшылыққа алынатын негізгі қағидалардың жиынтығы» Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы акдемиясының ғылыми еңбектері.№3 (68) 2021. Басуға 25.09.2021ж. жіберілді.6 с. (0,5 п.л.179-184)
7. «Бандитизімнің алдын алу шараларының кейбір мәселелері» 2022 ж. желтоқсанның 9-да Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінде өткен Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған «Жаңа Қазақстан – ғылым мен қоғамның дамуының жаңа мүмкіндіктері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция277 c.