
Ғылыми семинарға қатысқандар: «М.Тынышпаев атындағы Университетінің ALT» АҚ «Көлік қызметі және бизнес» кафедрасының т.ғ.д., профессор Изтелеуова М.С., докторант Арбабекова В., «АлмазТранс» менеджері PhD доктор Кульчикова Э.С. «Алматыэлектротранс» ЖШС №4 коммуналдық автобус паркі директорының орынбасары Тажиев Б. Е. және кафедраның профессор оқытушылар құрамы.
ҚР-да көлік тасымалдарын және логистиканы дамыту мәселелері, көлік-логистикалық инфрақұрылымды жетілдірудің ғылыми және әдістемелік тәсілдері, логистикалық үдерістердің тиімділігін арттыру және осы салада білікті мамандар даярлау мәселелері талқыланды.