
2025 жылдың 24 ақпанында «Педагогика, бизнес және құқық» институтының «Педагогика, психология және ӘГП» кафедрасының ұйымдастыруымен «Пәнаралық интеграцияның ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өтті.
Мақсаты – білім беру процесінде пәнаралық интеграцияның теориялық және практикалық негіздерін талқылау, оқытушылар мен студенттерге осы әдістемені тиімді қолданудың жолдарын көрсету және олардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыру. Семинар барысында пәнаралық байланыстың білім сапасын арттырудағы рөлі, білім алушылардың шығармашылық және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытудағы маңызы кеңінен талқыланды.
Лектор-модератор – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің п.ғ.д., профессоры Балтабаева Ж.Қ.