
Педагогика, бизнес және құқық институтының «Экономика, қызмет көрсету және құқық» кафедрасында жұмыс берушілерді, түлектерді және студенттерді шақырумен кеңейтілген отырыс өткізіліп, онда ағымдағы оқу бағдарламасы бойынша кәсіптік тәжірибені жүргізу және жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды.
Жиналысқа қатысқандар: Мырзабекова Л.О.-Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы; Айдарбеков Е.Қ. т.ғ.к., стандарттау бөлімінің бас маманы; Дарибаева Г.И., Кенжебаев О.Б. - заңгерлік кеңес беру №15; Алматы қаласы Медеу ауданының полиция басқармасының тергеу бөлімінің бөлімше бастығы полиция капитаны Жұмабеков Д.Т., Алматы қаласы Алмалы ауданының полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің анықтау бөлімшесінің бастығы полиция майоры Байсерік Е.А., Қалдаров Н.С.–Жетісу ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы, т.б.