
Жүсіп Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінің А.А. Асанова атындағы «Менеджмент және бизнес» институтының 3 курсынан 12 студент академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2024-2025 оқу жылының көктемгі семестрінде «Педагогика, бизнес және құқық» институтында оқуда.
Жүсіп Баласағын атындағы КҰУ мен ынтымақтастық аясында 18-19 ақпанда А. А. Асанова атындағы «Менеджмент және бизнес» институтының оқытушыларының қонақ дәрістері өтті. Доценттер Насырова Батима Боколовна, Ермекова Әсел Шарапидиновна «Бизнес және басқару», «Құқық» және «Қызметтер» бағыттарының студенттері алдында «Бизнесті басқаруды дамытудың мәселелері мен перспективалары» және «Мемлекеттік және өңірлік экономика және саясат» атты дәрістерімен ой бөлісті. Сонымен қатар, Батима Боколовна магистранттарға «Криминологиядағы зерттеудің статистикалық әдістері» тақырыбында «Құқықтану» сабағын өткізді.
Жүсіп Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетімен ынтымақтастық студенттер мен оқытушылардың академиялық алмасуына, ғылыми және өзара кәсіби өсуіне жаңа мүмкіндіктер туғыза отырып, дамуын жалғастыруда.