
Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінің PhD, доценті Кожамкулова Назгуль Сейфулинқызы 11.02.2024 ж. №114 жалпы білім беретін мектепте өткен " Helpsabak – Баяу Оқитындарды Қолдау" жобасына арналған семинарға спикер ретінде қатысты. Семинар барысында баяу оқитын оқушыларды қолдау, олардың оқу дағдыларын дамыту және білім сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Университет пен мектеп арасындағы тығыз байланыс аясында педагогикалық тәжірибе алмасу мен білім беру процесін жетілдіру бағытында маңызды ұсыныстар жасалды. Мұндай ынтымақтастық оқытушылар мен мұғалімдердің кәсіби дамуына, сондай-ақ оқушылардың білім алуына оң әсерін тигізеді. Алдағы уақытта екі білім ордасы бірлескен жобалар мен ғылыми-практикалық іс-шараларды жалғастыруды көздейді.