
Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті Erasmus+ KA131 академиялық ұтқырлық жобасы аясында серіктес университет — Турин университетінің (Италия) магистранттарын көктемгі семестрге қабылдады.
Турин университеті біздің университеттің негізгі халықаралық серіктестерінің бірі болып табылады және бұл ынтымақтастық академиялық алмасуларды дамытуға, ғылыми байланыстарды нығайтуға және халықаралық білім беру кеңістігіне кіріге маңызды рөл атқарады.
Қонақтарымызға академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында табысты білім тілейміз!