2024 жылдың 21-23 мамыр аралығында з.ғ.к., «Экономика, қызмет көрсету және құқық» кафедрасының меңгерушісі Чокина Марина Викторовна Астана қаласындағы Maqsut Narikbayev University алаңында өткен «Құқық» бағыты бойынша ОӘБ шеңберінде заң білімін дамыту тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі стратегиялық сессияға қатысты.
Сессия шеңберінде заңгерлік білім беру жүйесінің және білім беру бағдарламаларының мазмұнының ағымдағы мәселелері анықталып талқыланды. Сессияның қорытындысы Қазақстан Республикасында заң білімін дамытудың басым бағыттарын айқындау болып табылды.