2024 жылдың 16 мамырда Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінің ұйымдастыруымен «Сәтті қадам» бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңкенің негізгі мақсаты: жастардың жұмысқа орналасуы туралы ақпарат беру, түлектерді тұрақты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Іс-шараға 50 ден астам жұмыс берушілер қатысты. Студенттер жұмыс берушілердің ұсыныстарымен танысып, жастар практикасынан өтуге және жұмысқа орналасуға қатысты кеңестер алуға мүмкіндік алды.