30 сәуірде Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінің оқытушылары мен студенттері ЮНИСЕФ-тің онлайн - қауіпсіздік және цифрлық дағдылар мәселелері жөніндегі ұлттық кеңесшісі Лидия Бейсембаева өткізген #UClubs Talks вебинарына қатысты.
«Бала өміріндегі жасанды интеллекттің оң және теріс жақтары» вебинарында жасанды интеллектің бала білімін жақсартып немесе қиындататынын, қауіпсіздігі мен саналы түрде технологияның қолданылуы қарастырылды.
Вебинар соңында қатысушылар қатысқандарын растайтын сертификаттар алды.