12 наурызда Қонаев қаласындағы "Балдәурен" оқу-сауықтыру орталығының базасында Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті ұйымдастырған оқушыларға арналған олимпиаданың екінші туры аяқталды. Олимпиадаға Қазақстан Республикасының 14 өңірінен барлығы 140-тан астам оқушы қатысып, математика, география және биология бойынша өз білімдерін көрсетті.
Екінші турға қатысқан 40 оқушының 18 жүлдегері анықталып, Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінде оқуға гранттар мен жеңілдіктерге ие болды.
Жеңімпаздарды құттықтай отырып оқуда және өмірде тек сәттіліктер тілейміз! Сіздердің еңбектеріңіз бен жігерліктеріңіз тек мойындаумен ғана емес, сонымен қатар біздің университетте толықтай қолдаумен оқуға мүмкіндік алды.
Сондай-ақ, барлық қатысушыларға күш-жігері мен білімге деген құштарлықтары, табандылықтары үшін Алғыс айтады.
Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті талантты жастарды қолдап, олардың кәсіби және жеке өсуіне жағдай жасау миссиясын жалғастырады.