Астана қаласында Maqsut Narikbayev University алаңында өткен ЖОО оқытушыларына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру атты Республикалық семинарға 2024 жылдың 22-23 ақпанында, «Экономика, қызмет көрсету және құқық» кафедрасының з.ғ.к., профессоры Карбеков Канат Советович қатысты.
Семинар барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәндерді оқытудың озық әдістері, академиялық адалдық қағидаттарын енгізудің практикалық құралдары түсіндірілді, сондай-ақ мотивациялық сессиялар өткізілді.