Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінің, «Педагогика, бизнес және құқық» институтының «Экономика, қызмет көрсету және құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 22 ақпанында әлеуметтік-тәрбие жұмысы аясында оқытушы-практик BI Development (BI Group) қаржы жөніндегі бас директорының орынбасары Руслан Ембергенов «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында дәріс өткізді. Лектор қаржылық сауаттылықтың негізгі тұстарын атап өтіп, «күрделі пайыз» ұғымын түсіндірді, қаржы саласында өмірде және оқуда күрделі пайызды қолдану арасын атап өтті.
Дәріс қатысушылардың қызығушылығын тудырды, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, дәріс материалдарын талқылауға белсенді қатысты.