
Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің" Педагогика, бизнес және құқық " институты 2023-2024 оқу жылына профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға КОНКУРС жариялайды
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар ЖОО ректорының атына 23.01.2024 жылдан 12.02.2024 жылға дейін (301 кабинет) өтініш (нысан бойынша) береді.
Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Алматы қ., Ақсай 3 шағынауданы, 36 үй, каб.301.
Қосымша ақпаратты телефон арқылы алуға болады:
8(727)248-56-58, 8(727) 248-57-48, 8(727)248-57-38, 8(727) 248-58-26 немесе e-mail бойынша: ipbip@ageu.edu.kz; hr_ipbip@ageu.edu.kz;
Профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасу конкурсына біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамының лауазымдарына ұсынылатын адамдар жіберіледі.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
кадрларды есепке алу парағы.
Жоғары білім туралы, академиялық және ғылыми дәрежесінің, ғылыми атағының болуы туралы дипломдардың көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары не нотариалды куәландырылған көшірмелері;
Конкурстан өтудің алдындағы соңғы үш жылда біліктілігін арттыруды растайтын құжаттардың көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары; IELTS сертификаттары (бар болса);
Ғылыми хатшы және лауазымға үміткер қол қойған және жұмыс орны бойынша расталған (жарияланым болған жағдайда) конкурстан өтудің алдындағы кезеңде жарияланған оқу басылымдары мен ғылыми еңбектерінің тізімі.
Адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есепке алу жөніндегі мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама. (EGOV.KZ).
Тиісті нысандағы медициналық анықтама.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы. (EGOV.KZ).
№ 272 бұйрықпен бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы Психоневрологиялық ұйымнан анықтама. (EGOV.KZ).
"ЭКОНОМИКА, ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ" КАФЕДРАСЫ
Профессор-2 бірлік;
доцент-3 бірлік;
аға оқытушы-9 бірлік;
оқытушы-2 бірлік.
"ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР" КАФЕДРАСЫ
профессор-3 бірлік;
доцент-7 бірлік;
аға оқытушы-6 бірлік;
оқытушы-2 бірлік.
"ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПЕДАГОГИКАСЫ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ" КАФЕДРАСЫ
кафедра меңгерушісі-1 бірлік;
доцент-3 бірлік;
аға оқытушы-7 бірлік;
оқытушы-1 бірлік.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Үміткер көрсетілген мерзімдерден кейін ұсынған өтініштер мен конкурстық құжаттар қарауға жатпайды.