
Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті мен Шота Руставели атындағы Батуми мемлекеттік университеті өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды
Бұл маңызды оқиға білім беру, ғылыми және мәдени салалардағы өзара іс-қимылымыздың басталуын айқындайды. Тараптар студенттер мен оқытушыларға академиялық ұтқырлық, бірлескен ғылыми жобаларға қатысу, сондай-ақ мақалалар жариялау үшін бірегей мүмкіндіктер ұсына отырып, білім мен тәжірибе алмасу шекарасын кеңейтуді жоспарлап отыр.
Бұл серіктестік жаңа идеялардың, инновациялар мен табысты зерттеу бастамаларының қайнар көзі болатындығына сенімдіміз.
Анықтама үшін:
Шота Руставели атындағы мемлекеттік университет-1935 жылы құрылған Грузияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Шот Руставели атындағы Мемлекеттік университет құрылғаннан бері ғылымның, технологияның және өнердің әртүрлі салалары үшін кадрлар қалыптастыра отырып, интеллектуалды дамудың орталығына айналды.