
2023 жылдың 11 желтоқсанында Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінің "Педагогика, бизнес және құқық" институтында "Ғылым мен білімнің заманауи трендтері" - "Жаңа Қазақстан" - экономика, құқықтану және білім беруді дамыту парадигмасы" атты халықаралық ғылыми - практикалық конференциясының секциялық отырысы өтті.
Конференцияның секциялық отырысына Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің құрметті қонақтары қатысты: п.ғ.д., Г.Т. Қарабалаева, п.ғ.д., Н. А. Асипова, э.ғ.д. Н.И. Ақылбекова және докторант Ж. Ш. Есенқұлова, сонымен қатар әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры-п. ғ. д. Мұратбаева Г.А. да болды.
Ой-пікірлер, идеялар мен тәжірибе алмасу қатысушыларға академиялық пікірталасқа маңызды үлес қосуға мүмкіндік берді, ғылым мен білім саласындағы өзекті ғылыми жетістіктер, инновациялық тәсілдер мен негізгі үрдістер туралы тұтас түсінік қалыптастыруға ықпал етті.
Конференцияның нәтижесі осы тақырыптағы көптеген ойлар, пікірталастар мен инновациялық идеяларды қамтитын материалдар жинағын шығару болып табылады
Конференцияның барлық қатысушыларына белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз!