2023 жылдың 22 қарашасында Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінің делегациясы Қырғызстанның бірнеше көрнекті оқу орындарына барып, білім беру саласындағы өзара түсіністікті тереңдетіп, достықты нығайтты.
Оның ішінде:
- Жүсіп Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университеті
- И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті
- Адам Университеті
- Қырғыз-Қазақ университеті
- И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті.
Кездесуде әр түрлі аспектілер қаралды, атап айтқанда студенттермен білім алмасу, бірлескен зерттеу бағдарламаларынан бастап білім беру жобаларын жүзеге асыруға дейінгі болашақ ынтымақтастықтың әртүрлі аспектілері талқыланды. Бұл серіктестік білім беру кеңістігімізге инновациялар, жаңа идеялар әкелетініне және мәдени алмасуды байытатынына сенімдіміз.
Бұл маңызды шара халықаралық байланыстарды нығайтып қана қоймай, біздің студенттер мен ұстаздар үшін жаңа көкжиектер ашады.Серіктестік білім беру кеңістігімізге инновациялар, жаңа идеялар әкелетініне және мәдени алмасуды байытатынына сенімдіміз.
Қырғызстанның университеттеріне жылы қабылдағаны үшін алғыс айтамыз!