
2023 жылдың 9 қарашасында Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті мен Дубайдағы Synergy университеті өзара ынтымақтастық туралы келісім шартқа отырды!
Synergy University Dubai директоры Илья Мельничук пен Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінің ректоры Валерий Корвяков өзара Меморандумға қол қойып, болашақ инновациялар мен білім беру жетістіктері үшін берік негіз қалады.
Өзара әрекеттесуіміздің бағыттары екі университеттің студенттері үшін кең ауқымды мүмкіндіктерді қамтиды:▫
️ білім көкжиегін кеңейтуге және мәдени тәжірибені байытуға мүмкіндік беретін студенттерге арналған алмасу бағдарламалары.
▫️ бірлескен білім беру жобаларына, зерттеу қызметіне бағытталған серіктестік бағдарлама
▫️ Екі университеттің студенттері мен оқытушыларының кәсіби әлеуетін дамытуға ықпал ететін тәжірибе мен білім алмасу.
Біздің ынтымақтастық студенттердің халықаралық мансаптық мүмкіндіктерін арттыруға және олардың кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған. ️