
2023 жылғы 6 қарашада Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің "Педагогика, бизнес және құқық" институтына
Ж. Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінің делегациясы келді.
Делегация құрамында Ж.Баласағын атындағы ҚҰУ-ның Менеджмент кафедрасының доценті Насырова Фатима Бокаловна, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент -Ермекова Әсел Шаракидиновна болды.
Сапар барысында делегация университеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға байланысты көптеген мәселелерді талқылады. Болашақ бірлескен жобалардың өзара әрекеттесу векторлары мен мүмкіндіктерін талқылауға ерекше назар аударылды. Алдағы уақытта АГЭУ мен Ж.Баласағын атындағы ҚҰУ екіжақты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюға ниетті.
Ж. Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінің делегациясына сапары үшін алғыс айтамыз!