
20 қазанда АГЭУ түлектері Алматының еңбек ұтқырлығы орталығы мен Мансап орталығы ұйымдастырған Бос орындар жәрмеңкесіне қатысты.
Жәрмеңкелерді өткізу компания өкілдеріне өз кәсіпорындарының мүмкіндіктерін таныстыруға, ал ізденушілерге қысқа мерзімде кадрларды іріктеуге мүдделі жұмыс берушілермен сөйлесуге мүмкіндік береді. Жәрмеңкеде жұмыс іздеушілер түйіндемелерін қалдыруға, сұхбаттасуға және тіпті жұмысқа шақыруды бірден алуға жақсы мүмкіндік алды.