
27 қыркүйекте Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің "Педагогика, бизнес және құқық" институтында шетелдік филология ғылымдарының докторы, Хорватия Загреб университетінің профессоры Ясмина Войводичтің қатысуымен ғылыми - әдістемелік семинары өтті.
Семинар тақырыбы: "Scopus базасына ғылыми журнал мен жарияланымдарды тіркеу мәселесі. Еуропа елдеріндегі білім беру процесінің ерекшелігі"
Іс-шара аясында институт оқытушылары шетелдік профессормен тәжірибе алмасудың бірегей мүмкіндігіне ие болды.
Болашақта АГЭУ Хорватияның Загреб университетімен екіжақты өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ниетті.