2023 жылғы 23 қаңтарда Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті Миколас Ромерис университетімен өзара келісім туралы Меморандумға қол қойды. Осылайша, студенттер, магистранттар мен оқытушылар академиялық ұтқырлық және ғылыми тағылымдама бағдарламаларын өтуге, сондай-ақ конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, сондай-ақ Литва ғылыми журналдарының басылымдарына қатысуға мүмкіндік алады.
Миколас Ромерис университеті 1991 жылы Вильнюсте құрылды және Литваның ең ірі және құрметті Мемлекеттік университеттерінің бірі болып табылады. Университет 30 жылдан астам уақыт бұрын Литва тәуелсіздік алғаннан кейін құрылған, бүгінде екі және тіпті үш дипломдық бағдарламаларды қоса алғанда, ағылшын және литва тілдерінде бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын оқытатын заманауи оқу орны болып табылады