Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті Литва, Миколас Ромерис атындағы университетте АГЭУ бакалавриат және магистратура студенттеріне 2023-2024 оқу жылының күзгі және көктемгі семестріне мемлекеттік гранттар конкурсын жариялайды.
Ішкі конкурс конкурстық комиссиямен ағылшын тілінде әңгімелесу форматында өткізілетін болады.
Талаптар:
-төрт жылдық бакалавриаттың 1,2,3 курс студенті немесе үш жылдық оқудың 1,2 курс студенті, екі жылдық ғылыми-педагогикалық магистратураның 1 курс магистранты болу;
– GPA 3.0-ден төмен емес;
– академиялық қарызы жоқ;
– ағылшын тілін меңгеру деңгейі-Upper-intermediate (В2) ⠀
Өтініш беру мерзімі: 1 мамыр
Өтініш беру үшін мына мекен-жайға электрондық хат жіберіңіз: r.ovsyannikova@ageu.edu.kz