Әдістемелік семинарға «Экономика», «Есеп және аудит», «Қаржы», «Мемлекеттік және аймақтық басқару» ББО магистранттары мен оқытушылары қатысты. Әдістемелік семинар аясында Закирова Д.И. білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар туралы егжей-тегжейлі айтып өтті, инновацияның оқу-тәрбие үрдісіндегі орнын нақтылады. Сондай-ақ ғылыми-техникалық прогрестің әсерінен және экономиканың нақты секторының сұранысы әсерінен біршама өзгерістерге ұшыраған оқытудың негізгі әдістері туралы айтылды. PhD әдістемелік семинардың қорытындысы бойынша профессор Закирова Д.И. университет басшылығына шақырғаны үшін алғысын білдірді.