2023 жылдың 30 наурызында Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті, «Педагогика, бизнес және құқық» институтында «БІЛІМ-АДАМҒА ИНВЕСТИЦИЯ САЛУ-ТАБЫСҚА ЖЕТУДІҢ КІЛТІ!» атты пікірталас турнирі өткізілді. Бұл турнир мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сапарлары барысында халықпен бірқатар кездесулерде айтылған ішкі саясат саласындағы идеологиялық күн тәртібін одан әрі жетілдіру шаралары шеңберінде ұйымдастырылды.
Іс-шараның спикері, әлеуметтік жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары Әлдекенов Сағат Құтбанұлы және вице-спикері, педагогика ғылымдарының кандидаты Ахмедова Раушан Бакировна болды.
Турнирдің ұйымдастырушысы «Педагогика, психология және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, шараның вице-спикері Дәнетай Тәңірбергенқызы салтанатты ашылу рәсімін жасап, білікті пікірсайысшыларға сөз берді. Баяндамашылар түрлі тақырыпта пікір таластырып, сұрақтарға толыққанды жауаптар берді.
Шараға көрермен ретінде қатысқан білім ордамыздың профессор –оқытушылар құрамы, студент-жастар үлкен әсер алып, тәжірибе алмасты.
Іс-шараның спикері, әлеуметтік жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары Әлдекенов Сағат Құтбанұлы турнирді қорытындылап, озық ойымен ерекшеленіп, жоғары нәтиже көрсеткен қатысушыларға арнайы «Диплом», «Сертификат» және мақтау қағаздарын табыстады.