Жаңалықтар

«Жетім көрсең, жебей жүр» деген нақылдың түбінде қаншама салмақты ой жатқанын кез келген адам сезіне бермейді. 26 желтоқсан 2023 жылы «Экономика, қызмет көрсету және құқық» кафедрасының 2023-2024 оқу жылына жоспарланған тәрбие жұмысы негізінде ұйымдастырған оқытушылары мен студенттері «Перзент» балалар үйіне барып, өмірдің қатал сынына іліккен жаны таза балапандарға, олардың кіршіксіз көңіл-күйлерін көтеріп, тәтті-дәмділер сыйлап бір сәт болса да қуанышқа бөлеп, тәрбиелік шара өткізіп қайтты. Кішкентайынан жетім балаларды бауырына басып, олардың ыстық-суығына төзіп жүрген Әмина апа. Қазіргі таңда мұнда 35 бала тәрбиеленіп жатыр. Оның ішінде 10-ы қыз, 25-і ұл бала. Ал "Перзент" балалар үйінің басшысы Әмина Қажы Әжібаева осы бір ауыр жүкті отыз жылға жуық арқалап келеді. Кішкентайынан жетім балаларды бауырына басып, олардың ыстық-суығына төзіп жүрген Әмина апамен Massaget.kz тілшісі жүздесіп, сұхбаттасты.