Білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын, қазіргі еңбек нарығындағы серпінді өзгеріп отыратын талаптарға жауап беретін және кәсіптік білім берудің халықаралық деңгейіне сәйкес келетін жоғары білімді заңгерлердің жаңа буынын даярлау
РО 1. белсенді азаматтық ұстанымды, патриотизмді, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсете отырып, мемлекет пен құқықтың тарихи дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтары туралы білімді жалпылау;
РО 2. құқықтық талдау және құқықтық қызмет саласындағы терең теориялық білім мен практикалық дағдыларды растау;
РО 3. жанжалсыз қарым-қатынас дағдыларын көрсете отырып, тұлғааралық, мәдениетаралық және кәсіби өзара іс-қимыл міндеттерін шешу мақсатында әртүрлі тілдерде қарым-қатынас жасау;
РО 4. білім беру қызметіндегі басқарушылық инновацияларды талдау және дамыту, оңтайлы басқару шешімдерін таңдау арқылы кәсіпкерлік және бизнесті басқару негіздерін анықтау;
РО 5. ішкі және сыртқы мүдделі тараптар үшін құқықтық ақпаратты талдай және ұсына отырып, білім беру қызметінде материалдық және іс жүргізу құқығының, оның ішінде НҚА нормаларын қолдану;
РО 6. білім беру құқықтық қатынастарын реттейтін НҚА мазмұны мен толықтығын бағалай отырып, мемлекет пен білім беру саласындағы басқа да құқық субъектілері арасындағы құқықтық қатынастардың туындауы мен тоқтатылуын түсіндіруге;
РО 7. құқық бұзушылықтардың оның ішінде білім беру саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі шараларды айқындау және ұсыну;
РО 8. ұлттық және халықаралық нормаларды қолдана отырып, білім беру процесін құқықтық сүйемелдеуді және құқықтық қолдауды, білім беру субъектілерін қорғауды жоспарлау және ұйымдастыру;
РО 9. құқықтық іс жүргізуді, оның ішінде іс жүргізу құжаттарын және білім беру саласындағы құқықтық сараптама құжаттарын қамтамасыз ету;
РО 10. тіршілік қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін өткізілетін іс-шараларды бағалау, қорғаудың оңтайлы тәсілдерін таңдау, Өндірістегі еңбекті қорғау саласындағы қауіптерді анықтау және тәуекелдерді бағалау;
РО 11. конституциялық құрылыстың негіздерін, мемлекеттік органдар қызметінің құрылымын, функциялары мен қағидаттарын, құқықтық және мемлекеттік құбылыстардың мәнін, сипаты мен өзара іс-қимылын түсіндіру;
РО 12. Қазақстан Республикасының Әкімшілік-құқықтық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің мазмұны мен толықтығын қолдануға, бағалауға, мемлекет пен басқа да заңды тұлғалар арасындағы қатынастардың туындауын және тоқтатылуын түсіндіруге;
РО 13. азаматтық-құқықтық, азаматтық іс жүргізу заңнамасының негізгі ережелерін қолдану; жеке құқықтық қатынастардың пайда болуы мен тоқтатылуын түсіндіру, стандартты емес жағдайларда оңтайлы шешімдер қабылдау;
РО 14. заңдылық пен құқықтық тәртіп режимін қамтамасыз етудің құқықтық тетіктерін, қылмысқа, атап айтқанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдістерінің тиімділігін, құқықтық нигилизмнің себептерін, сот-тергеу практикасының қателіктерін, қылмыстық саясаттың негізгі бағыттарын іске асырудың жай-күйін бағалау;
РО 15. құқықтың мәнін қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде түсіну, құқықтық жүйенің құрылымы мен элементтерін, қазіргі мемлекет пен құқық функцияларын жүзеге асырудың формалары мен әдістерін білу.