• Басты бет
  • Педагогика, бизнес және құқық институты
  • 6В04101 Мемлекеттік және аймақтық басқару

6В04101 Мемлекеттік және аймақтық басқару

Оқу бағдарламасының мақсаты

6В04101 – "Мемлекеттік және аймақтық басқару" білім беру бағдарламасы кәсіби қызметті жүзеге асыруға, экономиканы дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру үшін экономикалық, әлеуметтік, саяси жағдайлар мен нәтижелерді бағалауға қабілетті мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеу үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды, менеджерлер мен әкімшілерді даярлауға бағытталған.

Оқыту нәтижесі

ON 1 Білімді жинақтау: экономикалық дамудың қазақстандық моделі, әлеуметтік жаңғырту, әлемді философиялық түсіну негіздері, мемлекеттегі экономика мен саясатты дамытудың негізгі кезеңдері
ON 2 Ақпараттың мағынасын жоғалтпай ауызша және жазбаша түрде ана және шет тілдерінде ойларды тұжырымдау және білдіру, жеке және кәсіби деңгейде әртүрлі мәдениеттердің адамдарымен тиімді қарым-қатынас орнату
ON 3 Ұжымның жұмысын ұйымдастыру: ұйымның, аймақтың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу, әр қызметкердің жеке дамуы мен кәсіби өсуі үшін қызметкерлердің іс-қимыл тәртібін сипаттау
ON 4 Мемлекеттік және муниципалды басқару саласындағы терең теориялық білім мен практикалық дағдыларды көрсету: командада және басшылықта жұмыс істей білуді және жобалық қызмет арқылы жанжалды жағдайларда шешімдер таба білу
ON 5 Басқарушылық шешімдерді айқындау: нарықты, сондай-ақ бизнес-процестерді талдау және ақпараттық-техникалық құралдарды пайдалана отырып басқарушылық инновацияларды әзірлеу, кәсіпкерлік, бухгалтерлік есеп, аудит негіздерін білу, трендтерді, бәсекелестік артықшылықтарды және қаржылық қатынастарды дамыту
ON 6 Заңдылық және құқықтық нормаларды сақтау мәселелері бойынша құқықтық тәрбие беруді ұйымдастыру: мемлекеттік қызметшілердің ішкі мәдениетінің, моральдық-адамгершілік қағидаттарының және әдептілік мінез-құлқының жоғары деңгейіне ие болу
ON 7 Жаңа жағдайларды бағалау: тәуелсіз басқару шешімдерін қабылдау және белгісіздік жағдайында қызметтің тиімді нәтижесі үшін тәуекелдерді талдау
ON 8 Мемлекеттік сатып алу және кадрлық әкімшілендіру саласын қоса алғанда, жалпымемлекеттік нормативтер мен әдістемелердің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметте құжат айналымын сауатты жүргізуді қамтамасыз ету
ON 9 Сыбайлас жемқорлықпен күресудің тиімді әдістерін қолдана отырып, мемлекеттік қауіпсіздікті бағалау және дағдарысты басқару стратегиясын әзірлеу
ON 10 Мемлекеттік жоспарларды іске асырудың және аймақтардың, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлаудың тиімділігін бағалай отырып, стратегиялық индикаторларды бюджеттеу және талдау арқылы макроэкономикалық процестерді стратегиялық жоспарлау және болжау құралдарын қолдану
ON 11 Кәсіби қызметті тиімді іске асыру және аймақты дамытудың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу үшін цифрландыру жағдайында ақпаратты талдау және басқару арқылы инновациялық технологияларды қолдану, ресурс үнемдеу саясатын ескере отырып, аймақтарды дамыту бағыттарын айқындау
ON 12 Әр түрлі салалардағы мемлекеттік саясатты талдау және экономикалық, сыртқы экономикалық, инвестициялық және инновациялық процестерді басқарудағы мемлекеттің рөлін анықтау

Байланыс

  • Шифр6В04101
  • Өту балы50
  • Оқу деңгейі3
  • Оқу мерзімі (жыл)4
  • Аккредитация түрі
  • Жылы2023