2022 жылғы 15 қарашада Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті Солтүстік Еуропаның ең ірі жеке университетімен – 8000 студенті бар, оның ішінде Еуропа мен әлемнің 20 елінен 500-ден астам шетелдік студенттер оқитын Балтық Халықаралық академиясымен білім ғылым және мәдениет саласындағы өзара келісім туралы Меморандумға қол қойды.
Балтық Халықаралық академиясы 1992 жылы Литваның Рига қаласында құрылды. Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғаннан кейін АГЭУ студенттері, магистранттары мен ПОҚ Литвада халықаралық білім беру бағдарламаларына және ғылыми тағылымдамаларға қатысуға мүмкіндік алды.