2021 жылдың 13 желтоқсан күні Алматы гуманитарлы- экономикалық университеті, Педагогика, бизнес және құқық институтының директоры Ермағанбетов Мүбәрак Ермағанбетұлының төрағалық етуімен және Әуезов ауданы әкімінің кеңесшісі, «Адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Айдар Төлебековтың қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кеңес өтті.
Іс-шараның мақсаты - мемлекеттік органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын ала анықтау және сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін факторларды жою.
Айдар Төлебеков өз сөзінде "Адалдық алаңы" жобасының басты міндеттерін айта отырып, осы жоба аясында өткізілетін бірқатар іс-шаралар туралы атап өтті. Бүгінгі таңдағы мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қатысты жүргізіп отырған саясатының келешек ұрпаққа да берері мол екендігіне тоқталды.
Кеңес барысында з.ғ.м., аға оқытушы А.М. Байжуманова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың басым бағыты» тақырыбында баяндама жасады, бейнеролик көрсетілді. Иинститут директоры Мүбәрак Ермағанбетұлы ПОҚ құрамы мен қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және болдырмау бойынша қажетті іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіліп отыратынын атап өтті.
Сондай – ақ, жиынды ұйымдастырушы әлеуметтік жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары Әлдекенов Сағат Құтбанұлы нақты қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында тығыз қарым-қатынаста болу ниетін білдіріп, жемқорлықты жою үшін өзара келісім жасады.