Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай, 2021 жылғы 20 қарашада № 141 орта мектептің спорт залында Алматы қаласының желтоқсаншылары арасында Кіші футболдан,
дартс
спорт түрлерінен жарыс өткізілді.
Аталған жарысты ұйымдастырып өткізу Әуезов ауданы әкімшілігінің тарапынан Педагогика, бизнес және құқық институтына жүктелді.
Алматы қаласындағы аудандар, атап айтқанда: Әуезов ауданы, Наурызбай ауданы, Алатау ауданы, Жетісу ауданы, Түріксіб ауданы, Алмалы ауданы, Медеу ауданы, Бостандық аудандары арасында өткізілген жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорт ойындарына деген қызығушылықты арттыру.
Жарыстың ашылу салтанатында Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы жарысқа қатысушы командаларға, аудан ойыншыларына сәттілік тіледі. Ойын қызықты және тартысты түрде өтіп, жарыстың үздік ойыншылары сайыс барысында доп алып жүру техникасы, нәтижелі пас беру, қақпаға допты тура бағыттау жағынан көзге түсе білді. Жарыс нәтижесі бойынша тартысты ойынымен көзге түскен Әуезов ауданы - 1 орын, Наурызбай ауданы - 2 орын, Алатау ауданы - 3 орынды иеленіп, бақтары мен баптары қатар келіп, жоғары шеберлік көрсеткен үздік командалар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен және кубоктармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жарыстың жабылу салтанатын Педагогика және психология кафедрасы «Дене тәрбиесі мұғалімдерін даярлау» мамандығының аға оқытушысы, магистр Дарын Мархабаев қорытындылады. Жалпы ойын барысында қатысушы спортшылардың көрсеткен шеберліктері ойынның кәсіби деңгейде өткеніне дәлел бола алды. Ал бастысы ойыншылар салауатты өмір салтын ұстануды қолдайтынын және спортты шын сүйетінін танытты.