
2021 жылдың 19 қараша айында Алматы гуманитарлы-экономикалық Университетінде «Педагогика, бизнес және құқық» институты директорының орынбасары Гульмира Болатовна Нурлихинаның қатысуымен «Экономика, қызмет көрсету және құқық» кафедра бойынша Жұмыс берушілер Кенесін құру және Кеңес қызметінің алға қойылған міндеттері мен мақсаттары барысында қашықтықтан онлайн және оффлайн режимінде вебинар өтті.
Вебинар Кеңестің мақсаты: жұмыс берушілердің еңбек нарығындағы сұранысқа ие, білікті маманмен іс-тәжірибе алмасу, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау және Институттың көкейтесті мәселелері мен идеяларын бірлесе отырып пікір алмасу.
Іс-шара модераторы Гульмира Болатовна Нурлихина жұмыс берушілер Кеңесінің ережесімен таныстырды.
Вебинар барысында Институттың Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының бастығы Гульнар Кызайбаевна Мукушева орталық қызметімен таныстырды. «Экономика, қызмет көрсету және құқық» кафедрасының меңгерушісі Алма Алибековна Чейрханова жұмыс берушілердің сұрақтарына жауап берді.