Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 4 қазанда «Сымбат» дизайн және технология институтында педагогика ғылымдарының кандидаты, орыс тілі және кәсіби коммуникация кафедрасының доценті, Халықаралық Нейроғылым академиясының академигі («Педагогикалық бөлім» бағыты бойынша, Ереван қ. Армения Республикасы), Ресей-Армян гуманитарлық ғылымдар институтының профессоры Акопян Армен Суренович «Ғылыми-зерттеу жұмысын әзірлеу барысында MS Word редакторын пайдалану бойынша нұсқаулықтар» тақырыбында көшбасшылық дәріс оқыды. Кездесу барысында MS Word редакторын қолданудың ұтымды әдістері көрсетіліп, оңтайлы тұстарына сілтеме берілді.
Кездесуге оқытушы-профессорлар құрамы, ғылыми жетекшілер, студенттер белсенді қатысты.
Ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз!!!