Ағымдағы жылдың 9 қарашасында Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінде «Sanaly urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Ахметбекұлы Токушев университет студентерімен пікір алмасып, кездесуі TedX форматында өтті.
Кездесуді Университет ректоры педагогика ғылымының докторы, профессор Корвяков В.А. ашып, студенттердің рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиесіне, студенттердің бойында саяси-құқықтық білімге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және студенттік ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шаралардың іске асырылуы туралы айтып берді. Сонымен қатар, кездесуді университет проректорлары Бекенова Л.М, Сейтхамзина Г.Ж. алғысөзімен бастады.

Кездесу барысында Токушев К.А. Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстар туралы кең мағлұмат беріп, бүгінгі таңда мемлекетіміздің басты мәселелерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып табылатынын атап өтіп, жобаның миссиясы, мақсаттары мен міндеттері туралы түсінікті түрде айтып берді. Халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту мен тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлықты мүлдем қабылдамау ахуалын қалыптастыру жөніндегі шаралардың қаншалықты іске асырылып жатқандығы туралы мәлімет берді.
Бұл маңызды кездсуде Алматы гуманитарлы экономикалық университетінің 1-3 курс студенттері белсенділік танытып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзақарастарын білдіріп, өз ойларын ортаға салды.