
2025 жылдың 4 маусымында Тұран университетінде Маркетинг білім беру бағдарламасы бойынша XVII республикалық пәндік олимпиада өтті, оған «Маркетинг» ББ АГЭУ студенттері 3 курс - Айтқазинова Д., 2 курс - Алманияз А., 1 курс - Ким А., профессор Л. М. Бекенова, аға оқытушы Н. Б. Шиганбаева жетекшілігімен қатысты.
Пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша біздің студенттер III орынға ие болып, олимпиадаға қатысу сертификатын, кубокты, сондай-ақ 10 000 теңге сомасына сыйлық сертификатын алды.