
Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті (АГЭУ) мен Esil University арасындағы «Ынтымақтастық туралы Шартқа» сәйкес академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 17.02.2025-20.03.2025 жылдар аралығында оқытушылармен алмасу жүзеге асырылды.
АГЭУ-ден Esil University-ге сабақ жүргізу үшін келесі ПОҚ жіберілді:
- 2 кредит көлемінде, э.ғ. к., «Қаржы» кафедрасының АГЭУ доценті Кушербаева Ақбота Есенгазиевна. «Салық және салық салу» пәні бойынша.
- 2 кредит көлемінде, Э.ғ. к., «Қаржы» кафедрасының АГЭУ доценті Тулегенова Феризат Молдахметовна, «Сақтандыру» пәні бойынша.
Esil University-ден келесі ПОҚ жіберілді:
- 2 кредит көлемінде, э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Лукпанова Жанар Оралхановна , «Салық және салық жүйесі» пәні бойынша.
- 2 кредит көлемінде, PhD, «Қаржы» кафедрасының доценті Мисник Олеся Викторовна, «Корпоративтік қаржы» пәні бойынша.