
3 ақпаннан 14 ақпанға дейінгі кезеңде АГЭУ профессорлық-оқытушылық құрамы үшін «Жаһандық кәсіби даму» оқу орталығының оқытушысы Сейсенбекова П.Б. «Білім берудегі жасанды интеллект (ЖИ): жасанды интеллекттің заманауи әдістері мен технологиялары» тақырыбында курс өткізілді. Курс тыңдаушылары жасанды интеллект қосымшалары мен технологияларын зерттеп, оларды қолдану мүмкіндіктерімен танысты және кәсіби қызметінде максималды пайда алуға көмектесетін практикалық дағдыларды сәтті меңгерді.