Алматы облысының бірегей табиғат нысандарымен танысуды жалғастыру үшін 2024 жылғы 24 қыркүйекте АГЭУ экономикалық мамандықтарының студенттері Шарын каньонына барды. Каньонның тарихы 12 миллион жыл деп есептеледі, ал аумақтың өзі әлемге әйгілі американдық үлкен каньонмен ұқсастық байқалады. Шарын каньонының ландшафттық әртүрлілігі, таңғажайып табиғи пейзаждары студенттерге ұмытылмас әсер қалдырды!
Экскурсияны Бизнес мектебінің аға оқытушылары Н.Б. Шиганбаева, А.Д. Тлеубекова және Есеп және аудит кафедрасының аға оқытушылары А. М. Даузова, А. С. Нартбаева ұйымдастырды.