Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы қоғамның саналы және азаматтық жауапкершілік танытқан барлық топтарын жұмылдырды. Мұндай іс-шаралар еліміздің барлық аймақтарында қолдау тапты.
Осыған орай Алматы гуманитарлы –экономикалық университеті нің белсенді жастары экологиялық акцияны қолдай отырып, барша Алматылықтарды қоршаға ортаны қорғауға, тазалық сақтауға, қаламыздың гүлденуіне бір кісідей ат салысуға шақырды. Бүгінде бұл шараға ерікті жастар мен белсенді студенттер ғана емес түрлі мекеме қызметкерлері мен ғалымдар да атсалысуда. Басты мақсат – қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Ф.ғ.к., профессор Оналбаева К.К.